ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қазандықтардың бірінде жиналыс өткізді

Бақытжан Байахметов Ғаббасов қазандығының аумағында жиналыс өткізді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

5 қазанда шаһар басшысы Ғаббасов қазандығының маңында жиналыс өткізді. Жиналыс өткізуінің бірден-бір себебі, “ВосТоргСтрой” мердігерлік ұйымының кварталішілік жылу желілерін ауыстыру бойынша жұмыстарды уақтылы орындамауымен байланысты. Қала әкімінің айтуынша, ұйымға қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары қолданылады.

  • “Теплокоммунэнерго” МКК техникалық директоры Н.А. Деминге сөгіс жариялауды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Утельбаевқа жоғарыда көрсетілген жұмыстардың орындалу барысына тиісті бақылаудың жоқтығы үшін тәртіптік жаза шараларын қабылдауды тапсырдым, – деді қала әкімі.

Жылумен жабдықтау объектілерін дайындау бірінші кезектегі міндет болып табылады. 70-ші және 71-кварталдағы нысандары (үш үй мен балабақша) жылуға қосылды. 6 қазанда 72 кварталдың қалған нысандары жылуға қосылады деп күтілуде.

  • Қала тұрғындары суық пәтерлерде отырмауы керек. Жауапты басшылардан объектілерді жылумен жабдықтауға қосу мерзімдерін бұзғаны және тұрғындарымызға қолайсыздықтар келтіргені үшін сұраныс қатаң болады, – деп қорытындылады Б.Байахметов.

Қазіргі уақытта қазандық штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button