ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

Аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін сотталған азаматты Қазақстаннан Ресейге экстрадициялады

ҚР ҚК 259-бабының 4-тармағы «а» тармақшасы бойынша бойынша сотталған Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан Ресейге эксрадицияланды. Жасаған қылмысы үшін сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Белгілі болғандай, сотталушы К. Есімді азамат, 2009 жылдың мамыр айының басында заңсыз есірткі заты – героинді сату бойынша қылмыстық топ құрған.

Азамат ұсталып, ШҚО ҚАЖД ОВ-156/15 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне қамалды. Мерзімінің басым бөлігін өтегеннен кейін сотталушы,  Ресей Федерациясында оның отбасы және туыстары тұруына байланысты, ҚР Бас прокуратурасына оны Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы өтініш білдірді. Ресей тарапынан тиісті ақпараттарды және сотталушыны қабылдауға қарсылық білдірмейтіні туралы жауап келгеннен кейін, ҚР Бас прокуратурасы оны экстрадициялау туралы келісім алды.

Еске сала кетейік, азаматтарды беру екі ел арасында жасалған келісім негізінде жүзеге асырылады.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Қазақстан Ресей Федерациясымен, Өзбекстан, Қырғыз, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Грузия және Тәжікстан  Республикаларымен экстрадициялау туралы келісім жасасқан.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button