ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Күршім ауданында жасөспірім дүкенге ұрлыққа түсті

ШҚО-ның Күршім ауданында дүкенге ұрлыққа түскен жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Күршім ауданы ПБ кезекші бөлімінің «102» жедел арнасына Ақсуат ауылының 49 жастағы тұрғыны хабарласып, ол 13-нен 14-не қараған түні белгісіз тұлға үйінің ауласында орналасқан азық-түлік дүкенінің терезесінің шынысын сындырып, 35 625 теңге сомасына темекі мен сағыз ұрлап кеткенін айтты.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы іс-шаралар жүргізу барысында күдіктіні анықтады. Ол Ақсуат ауылында тұратын 8-сынып оқушысы болып шықты.

  • Ата-анасының қатысуымен жасөспірімнен жауап алу барысында, ол ата-анасы ұйықтап қалғаннан кейін көшеге шыққанын түсіндірді. Қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмаған ұрланған заттарды иесіз үйге жасырып кеткен. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Жасөспірім кінәсін толық мойындады, – делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button