ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде авария салдарынан 14 үй ауыз сусыз қалды

Семейде су құбыры жүйелерінде авария болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Семей Водоканал” МҚК хабарлауынша, 4 қазанда Шығыс кенті, “Б” кварталы, 3-үй мекенжайындағы Д150 мм су құбырында авария болды.

“Шығыс кентінің “Б” кварталында 12 үй, Ақжол жеке секторында – 2 үй, сондай-ақ “А” және “Б” кварталдарының қазандықтары сусыз қалды”, – деп түсіндірді кәсіпорында.

Қазіргі уақытта бригада жұмыс жүргізуде. Аварияны жоюға 4 бірліктегі техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button