ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да екі көлік соқтығысты

Үржар ауданында жол-көлік оқиғасы болып, жүргізушіге құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үржар ауданында, Мақаншы-Келдімұрат тас жолының 10-шы шақырымында Mitsubishi Space Wagon және Лада Приора көліктері соқтығысты.

  • Соққыдан 43 жастағы Мitsubishi жүргізушісінің аяғы қысылып қалды. Оқиға орнына келген 54-өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары автоцистерналардың көмегімен көлік шанағын созып, қысылып қалған 1978 жылғы азаматты алып шықты және оны дәрігерлерге тапсырды, – деді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button