ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері Тәуке ауылының тұрғынынан мылтық пен пышақ тәркіледі – ВИДЕО

«Учаске» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының аясында Шығыс Қазақстан полицейлерімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Тарбағатай АПБ жергілікті тұрғындардың бірі тіркелмеген қаруды өз үйінде заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданы Тәуке ауылының 44 жастағы тұрғынын анықтады, ұсталған адамнан мылтық пен пышаққа ұқсас зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 12 калибрлі  оқ атуға жарамды «MOSSBERG» тегіс ұңғылы атыс қаруы болып табылады.

Аталған тегіс ұңғылы мылтық бұл азаматқа қайтыс болған әкесінен қалғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Полиция департаменті тіркелмеген қаруды полицияға өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button