ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Нұр-Сұлтанда кәмілетке толмаған қыз суға батып кетті

Есіл өзенінде кәмелетке толмаған қыз суға батып, қаза болды, деп хабарлайды Semeynews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 30 қыркүйекте болған. Полицияға таңғы сағат 7.40 шамасында Орталық саябақ маңындағы “Серуен” жаяу жүргіншілер көпірі астында адам суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Куәгер Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан түсірілген видеоны жіберді.

“Шақыру бойынша оқиға орнына дереу полиция жасақтары мен ТЖМ жедел құтқару қызметтері жіберілді. Қаза болған кәмелетке толмаған баланың денесін сүңгуірлер алып шықты. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button