ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері мал мен ет өнімдерін сату орындарына тексерулер жүргізуде

Шығыс Қазақстан облысы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері басқа қызметтермен бірлесіп мал және ет өнімдерін сататын орындарға рейдттік шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде және мал ұрлығын алдын алу мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері басқа қызметтермен бірлесіп, аумақтық басқармалар мен ауылшаруашылығы бөлімдері мамандарының қатысуымен ет өнімдерін өткізу орындарына (базарлар, павильондар, жәрмеңкелер, дүкендер) рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жасалған қылмыс нәтижелері, күзгі мезгілі басталысымен базарларда, павильондарда, жәрмеңкелерде және басқа жерлерде заңсыз ет өнімдерін сату фактілерінің саны артқанын көрсетті.

Өткен демалыс күндері криминалдық полиция қызметкерлері, ветеринарлармен бірлесіп Өскемен және Семей қалаларының ет сату орындарын және ет тасымалдаған 52 автокөлік тексерді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша ет өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзудың 16 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мал ұрлығының алдын алу және ашу жұмыстары жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button