
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне ауданның 50 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз тұлға еркін қол жеткізу жолымен үй қоршауының артынан байлауда тұрған 4 айлық қара-ала бұзауын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 150 000 теңге.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді. Жануар тәркіленіп, иесіне қайтарылды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz