
Семей қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, “Теплокоммунэнерго” МҚК қызметтік УАЗ көлігі Жаңақұрылыс бағыты бойынша жылжып келе жатқан. Әуезов даңғылы мен Сорокин көшесі қиылысында оған Toyota Camry көлігін тізгіндеген 59 жастағы жүргізуші жол бермей, авариялық жағдай туғызған. Оқиға салдарынан 62 жастағы жүргізуші басқарған УАЗ көлігі аударылды. Зардап шеккендер жоқ.
Семей қалалық полиция басқармасында хабарлағандай, жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Semeynews.kz