ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Жамбыл облысында ірі жол апаты: 6 адам көз жұмды, 2 адам жарақаттанды

Жамбыл облысында ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

2021 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының “Алматы-Ташкент” тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көліктің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталды. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button