ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да құжатсыз 60 келіден астам шаянды тасымалдаған ер адам жауапқа тартылады

Ер адамның түсіндіру бойынша, ол шаяндарды Ұлан ауданындағы Шыбындыкөл көлінен жеке тұтыну үшін аулаған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат18:10 шамасында «Алматы-Өскемен» тас жолының 25 шақырымында, патрульді полиция батальонының ПА 433 экипажымен патрульдеу кезінде 45 жастағы ер азаматтың басқаруындағы «Mitsubishi» автокөлігі тоқтатылды. Көлік салонында жалпы салмағы 66 келі шаян салынған 5 қап табылды. Тасымалданған жүктің тиісті құжаттары болмаған.

Мемлекетке келтірілген шығын – 230 мың теңге.

Жиналған материалдар аталған тұлғаны жауапқа тарту үшін «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ жолданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button