ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да азаматтық қорғау құралымдарының қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті

"Жер-2021" халықаралық командалық – штабтық оқу-жаттығу шеңберінде облыс орталығында қалалық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Алматы облысындағы  төтенше жағдайды шартты түрде жоюға қосымша күш жіберді.

“Біздің алдымызда Алматы облысындағы шартты қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру міндеті тұрды. Біз зардап шеккен аймаққа көмек көрсету үшін автокөлік және темір жол колоннасымен құтқарушылар мен инженерлік қосалқы техниканың күштері мен құралдарын жөнелтуді жедел ұйымдастырдық”,- деп атап өтті ШҚО ТЖД Өскемен қаласы ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.

Фото: ШҚО ТЖД

Барлығы Өскеменнен автомобиль көлігімен 1 автоколонна құрылды, оның құрамына жеке құрам саны 56 адам және 23 бірлік техника 11 құралым кірді.

Автоколонна жергілікті полиция қызметімен бірге Өскемен қаласы-Алматы облысы бағыты бойынша бағыт алады.

Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде темір жол көлігімен азаматтық қорғаудың инженерлік құрамалары мен авариялық-техникалық құралымдары, жеке құрамның саны 28 адам және 6 бірлік техникасы бар 5 құралым жіберілді.

Штаб Алматы қаласында негізгі құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу және үйлестіру үшін құрылды. Бөлімшелерді онлайн-трансляцияға қосу тәжірибесі қолданылады. Мұндай формат жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты тыңдауға, сонымен қатар жергілікті жерлердегі жағдайдың қандай екенін, басқа салаларда қандай шаралар қолданылатынын көруге мүмкіндік береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button