ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да сотталғанға “градусы жоғары шырын” кірбізбек болған

Семейдегі ОВ 156/14 мекемесіне тетрапакеттегі шырын орнына алкоголь құйып өткізбек болған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Семей қаласында орналасқан қатаң режімдегі колонияға спирт өнімін кіргізбек болған.

  • 1961 жылғы Семей қаласының тумасы колония аумағына тетрапакеттегі шырынның ыдысына спирт жасырып кірбізбек болған. Ер адам рұқсат етілмеген сусынды үш күннен кейін мерзімі аяқталып, бастандыққа шығатын досының көңілін көтергісі келіп әкелген. Алайда мекеме қызметкерлері рұқсат етілмеген заттың сотталушыға жеткізудің жолын кесті, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button