ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО – да жыл сайын IT-мамандықтары бойынша гранттар саны 10%-ға артады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте цифрлық технологиялар элементтерін пайдалану есебінен тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру талқыланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IT-секторды жас әрі ынталы кадрлармен күшейтуді, кемінде 100 мың жоғары білікті маман дайындауды тапсырды.

“Осы мақсатта IT – мамандықтары бойынша гранттар санын жыл сайын 10 пайызға арттыру мәселесін пысықтауды, сондай-ақ, қосымша білім беру ұйымдарының базасында халықаралық стандарт бойынша бағдарламалау кабинеттерін ашуды тапсырамын”, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, өңірде осы саланы дамыту үшін бұрын да шаралар атқарылған. Мысалы, бүгінде облыста ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталық табысты жұмыс істеуде. Оның қызметтері жыл басынан бері 6 мыңнан астам әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашып, 1,3 млрд теңге айыппұл өндіріп алды. Ахуалдық орталықтың талдау платформасы – локализация орталығы базасында құрылған стационарлар қуатының жағдайын мониторингілеудің цифрлық сервисі тиімді жұмыс істеуде. Олардың көмегімен тәулік бойы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін халықтың аурушаңдығы мен байланыс деңгейі қадағаланады.

Бағдарламалау саласындағы білімді арттыру үшін облыстың барлық 647 мектебінде мектеп оқушылары мен педагогтары үшін IT құзыреттіліктері: 3D модельдеу, бағдарламалау және робототехника бойынша халықаралық стандарт бойынша тереңдетілген IT бағдарлама енгізілуде. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің ғылыми және Start-up жобаларын іске асыруға 2018 жылдан бастап 23 миллион теңгеге 25 грант бөлінді. Бұл жұмыс жыл сайынғы негізде жалғасатын болады. Сонымен қатар, 2022 жылға дейін облыста халық саны 250 адамнан асатын 45 ауылдық елді мекенде Интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button