
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Аметов бастаған ШҚО активінің отырысында айтылды. Іс-шара барысында ҚР Президентінің “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауы талқыланды.
Таяу жылдарға арналған басым міндеттердің бірі – еңбекақы төлеу қорын арттыру. Ол соңғы 10 жылда кәсіпорын иелерінің пайдасынан 60%-ға дерлік артта қалды. Бұдан басқа, Президент ең төменгі жалақыны 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, 42,5 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы маңызды шешім қабылдады. Бұл шара 63 мың шығысқазақстандыққа, ал жанама түрде 667 мың жұмысшыға қатысты болады.
– Жолдауда Президент мемлекеттің экономикаға шамадан тыс қатысуын және квазимемлекеттік секторды қысқарту қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекеттік кәсіпорындардың шығынды қызметі мәселесін қозғады, – деп атап өтті Даниал Ахметов. – Біздің облыста мемлекеттің қатысу үлесі бар 390 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 4-і 2025 жылға дейін бәсекелес ортаға берілетін болады. Беру кестесі келісілген және оны орындау біздің міндетіміз.
Сонымен қатар, актив аясында инфляциялық үдерістерге, мемлекетке қатысты басқа да маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Президент Жолдауында қойылған стратегиялық міндеттерге сәйкес және Шығыс Қазақстанның шекара маңы аумақтары мен бұрынғы аудан орталықтарын дамытуды ескере отырып, облыстың даму жоспарын өзектендіру мәселелері талқыланды.
Semeynews.kz