
ШҚО Тжд баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 қыркүйекте жүріп келе жатқан ВАЗ-2106 автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде өрт шықты. Жүргізуші көлік құралын тоқтатып, өртті өздігімен өшіруге тырысқан.
“Жанынан өтіп бара жатқан патрульдік полиция экипажы өртті байқап, кідірместен жүргізушіге өртті сөндіруге көмектесіп, құтқарушылар келгенге дейін өзге көлік құралдарының қозғалыстарын тоқтатты. Құтқарушыларға өрт туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына келген құтқарушылармен 4 минут ішінде 1 шаршы метр алаңды қамтыған тілсіз жау ауыздықталды. Жеке құрамнан 8 адам және 2 бірліктегі техника жұмылдырылды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Өрттің шығу себебі – жоғарғы қауіпті қондырғымен ұқыпсыз жұмыс істеу.
Semeynews.kz