ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да мектептер алдындағы жолдарға жасанды төмпешіктер орнатылуда

Шығыс Қазақстанда "Назар аударыңыздар, балалар!" жедел-профилактикалық шарасы өтуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласында мердігер мекеме “Сапар Шығыс” ЖК-мен мектептердің және мектепке дейінгі білім мекемелерінің маңындағы жолдарда жасанды төмпешіктер орнатылуда. Аталған жұмыстар “Назар аударыңыздар, балалар!” шарасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

“Жасанды төмпешіктің негізгі міндеті – жаяу жүргіншілердің өтуіне арналған учаскелерде көлік жылдамдықтарын мәжбүрлеп төмендеттіру“, – деді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта аймақта, 109 мектептің маңына 1 526 метрлік погондық төмпешіктер орнатылды.

Аталған жұмыс жуырда облыстың басқа да тұрғылықты мекендерінде жүзеге асырылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button