
Жұма күні, 10 қыркүйекте, Шығыс Қазақстан экология департаменті әлеуметтік желіде тараған бейнематериал бойынша жауап берді.
Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің бойында орналасқан ауылдардың бірінің тұрғынымен түсірілген кадрда өзен суының лай екені анық көрініп тұр. Кадрдағы сөзге құлақ салсақ, ол әдетте мөлдір болатын және лайлануына байланысты мүмкін қазір балық жоқ делінген. Бейнематериал қоғамдық резонанс тудырды, себебі сол жердің жақын маңайында бірнеше алтын өндіруші компания орналасқан.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, прокуратура және Күршім ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тексеру жүргізу үшін Қалжыр өзеніне шықты.
Делегация келгенде өзен суы сәйкесінше таза болды, бірақта ведомство өкілдері талдау үшін су үлгілерін алды және тиісті қорытынды жасады.
“Тексеру қорытындысына сәйкес, өзен суының ластануы бұған дейін биылғы жылы анықталғандай, “Хван С.А.” ЖК, “Кошкинбаев Б.А”» ЖК, “Бошаев У.Т.” ЖК, “Дуюсембаев А.У.” ЖК, “Мадымаров Х.Д.” ЖК заңсыз кен шығару жұмыстарын жүргізіп, өзен арнасын қалпына келтіру салдарынан орын алды деп есептейміз. Осы әрекеттері үшін алтын өндірушілер ҚР ӘҚК 332 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 218 775 теңге сомасында айыппұл төледі.
Айта кетейік, Қалжыр өзені жағалауын тексеру барысында балықтардың қырылуы және өзен суының ластануы байқалмады. Алдағы уақытта осындай бұзушылыққа жол бермеу мақсатында комиссиямен жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды“, – деп түсіндірді ШҚО экология департаментінде.
Сонымен қатар комиссия өзен ағысының төмен жағынан алтын кенін өндірумен айналысатын “Касенов” ЖК анықтады.
Бұзушыларға қатысты материалдар уәкілетті органға жолданды.
Semeynews.kz