Семей қ. ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қыркүйекте құтқару қызметіне Көкентау ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келген сәтте жалын көрші 2 үйдің жиналған шөбіне өршіген. Өрттің жалпы ауданы 110 шаршы метр.
Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарының авариялық режимі.
Үй тұрғындарының айтуынша, қатты жел кезінде электр желісінің бағанынан сым үзіліп, бұл өртке әкелді.
Semeynews.kz