ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да браконьерлерден 8 тонна балық тәркіленді

Шығыс Қазақстанда полицейлер браконьерлерден 8 тонна балық тәркіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлерінің  мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп Бұқтырма су қоймасында жүргізген рейд барысында Көкпекті ауданы Көкжыра ауылының тұрғындарымен заңсыз балық аулау фактісі анықталды.

  • 48 және 49 жастағы ер адамдар “рипус” балығын заңсыз аулаумен айналысқан. Шығын сомасы 359 841,12 теңге. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 102,8 келі рипус балығын тәркіледі, сонымен қатар олар жағадан тіркемесі бар “ВАЗ” көлігін, моторлы қайықты, ұзындығы 80 метрлік синтетикалық ауды тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі 4-тармағы “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған бап бойынша, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны көрсетілген.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бастап табиғатты қорғау полиция бөлімшелерімен 1 190 рейдтік шаралар жүргізіліп, 1 258 экологиялық тәртіп бұзушылық анықталды және 40 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 1 218 бұзушы тартылды. 8052,0 келі заңсыз ауланған балық, сондай-ақ 318 қылмысқа қатысты құралдар тәркіленді. Осыдан бөлек 141,8 шаршы кубтағы заңсыз кесілген ағаш тәркіленді. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі – шамамен 20 млн, теңгені құрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button