ШҚОҚоғамОқиғаТОП

ВИДЕО: ШҚО-да «УРАЛ» көлігі аударылды

Риддер қаласында «УРАЛ» көлігі аударылды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде сағат 16:40 шамасында орын алған.

  • Көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ 33 жастағы жүргізуші, «УРАЛ» көлігін жүргізіп, қауіпсіз жылдамдықты ұстамай, Риддер қаласы, ГЭС көшесі бойындағы бұрылыста көлікті басқара алмай жол жиегіне аударылып қалды. Нәтижесінде ол саяжай бақшасының ағаш қоршауына соғылды. Зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын келтірілді. «УРАЛ» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп көрсетілген хабарламада.

Аталған бап бойынша алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу керсетілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button