ШҚОҚоғамТОПШҚО

ЖПІШ: ШҚО-да екі күн ішінде 2 млн. теңге өндірілді

Шығыс Қазақстанда 1 - 7 қыркүйек аралығында "Айыппұлды төле" жедел-прафилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция барысында әкімшілік полиция қызметкерлері, прокуратура және жеке сот орындаушыларды тарта отырып облыс аумағында борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін тұрақты бұзушыларды анықтауда. Жедел-прафилактикалық іс-шараның алғашқы екі күні ішінде тәртіп сақшыларымен атқарушы өндіріс қызметкерлерімен бірлесе отырып 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. 

  • Өткен күндері айыппұл төлемегендері үшін мамандандырылған тұраққа 15 автокөлік қамалды, сондай-ақ, 44 тәртіпбұзушылығымен сомасы 700 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button