
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол көлік оқиғасы 1 қыркүйекте Шемонаиха қаласында, Вокзальная көшесі бойында сағат 11:00 шамасында орын алған.
- 59 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтетін учаскеде өтіп бара жатқан 18 жасар қыз баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан, өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Semeynews.kz