
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 тамызда Мирный кентінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Куәгерлер бірден полицияға және жедел жәрдемге қоңырау шалды.
«Кеше сағат 21:00 шамасында белгісіз жүргізуші Сафонов көшесімен келе жатып №47 үйдің алдында тұрған адамды қаққан. Осының салдарынан 33 жастағы азамат жарақат алды. Ал көлік жүргізушісі болса сол жерден із суытқан», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні іздестіріп жатыр.
Semeynews.kz