Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде короновирус инфекциясына қарсы вакциналау кампаниясы жалғасуда

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы № 4 емханада 6 мыңнан астам адам вакцинацияланды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы онлайн-брифингте аталған медициналық мекеменің бас дәрігерінің емдеу-прафилактикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Назигүл Қилыбаева мәлімдеді.

  • Жыл басынан бастап біздің емханада короновирус инфекциясын жұқтырудың 379 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар өлім-жітімнің өсуі де байқалады. Егер былтырғы жылы 3 жағдай тіркелсе, биылғы жылы – 12. Вакцинациялау емханада және жылжымалы вакцинациялау пункттерінде жүргізілуде. Вакцинациялау «Спутником V» вакцинасымен екі кезеңде өтеді. Бүгінгі күні біздің емханада вакцинаның бірінші компонентінен 6171 адам, екінші компонентінен – 5123 адам өтті. Бірінші кезеңге адамдардың өздері келіп, дәрігердің қаралуынан өтеді, содан кейін вакцина қойылып жарты сағат көлемінде дәрігердің бақылауында болады. Екінші кезеңге автоматты түрде шақыртылады. Біз барлығыңызды вакцинациялауға шақырамыз, осылайша сіздер өздеріңізді және өз жақындарыңызды қорғайсыздар, – деді Назигүл Қилыбаева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button