ҚазақстанОқиғаТОП

Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады

Жамбыл облысында он бір автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті.

Жол апаты “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” тас жолында болған.

Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны оннан асып кеткен.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды.

Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы айдарда

Back to top button