ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Алтай қаласында мас күйінде көлік тізгіндеген, бұрын жүргізу құқығынан айырылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтай қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен рейдтік шара барысында 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы “Мазда” автокөлігі тоқтатылған.

Құжаттарын тексеру кезінде, оның 2020 жылғы маусым айының соңында 7 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Сонымен қатар тексеру барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландырудан өткізу үшін жүргізуші полиция қызметкерлерімен Алтай қаласының ПНД жеткізілді. Куәландыру қорытындысы бойынша одан алкогольді масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button