ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да екі күн ішінде 30-дан астам мас жүргізуші ұсталды

Шығыс Қазақстанда жүргізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" ЖАШ екі күні ішінде 3 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 тамыздан бастап қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстардың жолын кесу мақсатында облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

  • Шара басынан бастап ШҚО полицейлерімен 49 қылмыс ашылды, заңсыз сақталған 11 бірліктегі қару тәркіленді, соның ішінде 1 иір ойықты және 10 тегіс ұңғылы, – деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.

Жедел-алдын алу шарасы барысында 3225 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 471  ұсақ бұзақылық фактісі,  700-ден астам алкогольдік ішімдіктерді ішумен және қоғамдық орындарда мас күйінде болуымен байланысты құқықбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, 36 жүргізуші алкогольді масаң күйде көлік тізгіндеген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button