ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да досының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Шығыс Қазақстанда досының аңғалдығын пайдаланып, банктердің мобильді қосымшасы арқылы несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 5 тамызында Алтай ауданының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Серебрянск қаласының 63 жастағы тұрғыны жүгініп, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Риддер қаласының 17 жастағы тұрғыны банктің мобильді қосымшасы арқылы алдау жолымен жәбірленушінің атына жалпы сомасы 2 000 000 теңгені құрайтын бірнеше несие рәсімдеп, оның қаражатын иемденгенін хабарлады.

  • Тексеру барысында Риддер қаласының 17 жастағы тұрғыны Серебрянск қаласындағы достарына қонаққа келгені анықталды. Досының үйіне қонаққа келіп, оның сеніміне кіріп, оның телефонына танымал банктердің бірінің мобильді қосымшасын орнатқан. Риддер қаласына кеткен оған шұғыл ақша қажет болған. Кейін ол Серебрянск қаласында тұратын танысының жеке деректерін пайдаланып, мобильді банкингке кірген. Жігіт мобильді қосымшаға кіріп, 2 ай ішінде өзінің шотына 2 млн теңгедей қаражат аударған,-деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Жас жігіт қаражаттың барлығын құмар ойындарына салып ұтылғанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button