ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да қарт адамды тонаған азаматтар ұсталды

Алтай қаласында 85 жастағы зейнеткерді тонаған ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алтай қалалық ПБ “102” жедел арнасына 85 жастағы зейнеткердің жейдесінің төс қалтасынан құжаттар мен 28 000 теңге сомасындағы ақша қаражаты салынған әмиянды белгісіз екі тұлға ашық түрде ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.

  • Криминалдық полиция және патрульдік полиция взводы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Алтай қаласының 26 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қаскүнемдер жасаған қылмысты мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button