
“Борышкер” жедел-алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 18 – 20 тамызы аралығында жүргізілді. Шараға әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ прокуратура өкілдерін, жеке сот орындаушылары тартылып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыс жүргізілді.
- Іс-шараның үш күнінде атқарушы органдар қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекет бюджетіне 21 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Төленбеген айыппұлдары бар 216 автокөлік мамандандырылған автотұраққа орналастырылды. Оның ішінде шет елдерде есепте тұрғандар саны – 74 (РФ – 72, АР – 2).
Бұдан басқа, тұрғындар арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1 мыңнан астам жүргізуші мен 5 мыңнан астам үйлер мен пәтерлерді аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мысалы, облыс орталығына келіп жүрген Глубокое ауданының тұрғыны жол ережесін үнемі бұзып жүрген. Аталған жүргізушіде жалпы сомасы 100 мың теңгеден асатын 15 әкімшілік айыппұлы бар болып шықты. Аталған жүргізушінің автокөлігі айыппұлды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды.
«Борышкер» ЖААШ жыл басынан бері бесінші рет өткізіліп отыр, онда атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп 100 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндіріп алынды, 800-ден астам автокөлік айппұл тұрағына қойылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осыған байланысты, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті әкімшілік айыппұлды уақтылы төлеуге кеңес береді.
Semeynews.kz