
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, велосипед теуіп жүрген бала құлап, арматура аяғын қысып қалған. Белгілі болғандай, құлағанда тежегіш түтікшесі жамбасының ішкі бөлігіне кіріп кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-құтқару жасағы гидравликалық тістеуіктің көмегімен рульді кесіп, 2011 жылғы баланы жедел жәрдем көлігіне жатқызды.
Semeynews.kz