Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда короновирусқа қарсы күрес жөніндегі азаматтық штаб болды

Өңірімізге короновирус пандемиясына қарсы күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері келді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Елімізде тамыз айының басында белсенділердің тәуелсіз бірлестігі –Қазақстандағы короновирус пандемиясына қарсы күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы құрылды. Оның басты миссиясы – COVID-19 қарсы вакцинация туралы мүмкіндігінші объективті ақпарат беру және азаматтарды вакцина алуға көндіру. Штаб қатысушылары жұмыс барысымен Семей қаласында болып, жергілікті белсенділермен, еріктілермен және аймақ дәрігерлерімен кездесті.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар елімізде ковидке дейінгі қалыпты өмірге оралу  тек ұжымдық иммунитетті қалыптастырғанда ғана қол жетімді екенін, сонымен қатар, халықтың  70-80% вакцинацияланғанда COVID-19 науқастанудың және өлім деңгейінің төмендейтінін атап өтті.

  • Біздің мақсатымыз тәуелсіз азаматтық ақпараттық кампаниясын құру; вакцинация проблемаларын шешуге азаматтық қоғамдарды, бизнесті және мемлекеттік органдарды тарту және үйлестіру: ұйымдастырушылық жағынан да, ресурстармен де; COVID-19 және вакцинация туралы халықты сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету, – деді штаб өкілдерінің бірі Рахим Ошақбаев.

Кездесуде вакциналаудың қажеттігі туралы сенімді ақпарат алуға тұрғындарға көмектесуге дайын белсенділердің аттары аталды. Олардың ішінде белгілі медицина мамандары, кәсіпкерлер, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері және сарапшылар – Вячеслав Локшин, Жібек Жолдасова, Рафаил Розенсон, Динара Сатжан, Рахим Ошақбаев, Саида Таукелева, Майра Измайлова және басқалары бар. Бастамашы топқа 200-ден астам жоғары кәсіби мамандар кірді, олардың әрқайсысы елімізді вакцинация туралы хаостан алып шығу үшін өз білімдерін, кәсіби тәжірибелерін және басқа да ресурстарын қолдануға дайын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button