ҚазақстанҚоғамТОП

Әскери шабандоздар «Атты марафон» сайысына қатысу үшін аттарды таңдады

Тыва Республикасының (Ресей Федерациясы) «Кара Хаак» таудағы полигоны базасында «Атты марафон» сайысына қатысу үшін аттарды таңдау бойынша командалардың жеребесі өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан командаларының капитандары өз командаларына 10 негізгі және 3 қосалқы атты, сондай-ақ алдағы жарыстарға қатысатын түсті таңдады. Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан командасына жасыл түс берілді.
Командаларға таңдалған аттарды шабыста сынап көруге мүмкіндік берілді. Сержант Ерғұлан Омаровқа өзі таңдаған «Камаз» атты үйірбасын құрықтап міну үшін ептілік қажет болды.

  • Мен конкурстың бүкілресейлік іріктеу кезеңінде «Камазды» бір ғана шабандоз құрықтап мініп, үлкен қашықтықта бірінші болып мәреге жеткенін білемін. Оның біздің командаға түсуі жақсылық нышаны. Біз қазірдің өзінде бір-бірімізге үйрендік. Ал бұл сайыста шабандоз бен тұлпар арасындағы байланыс үлкен роль атқарады, – деп өз пікірімен бөлісті әскери қызметші.

«Атты марафон» сайысы 22 – 29 тамыз кезеңінде өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең барысында қатысушылар су бөгеттері мен мина кедергілерінен тұратын ұзақтығы 100 километрден асатын қашықтыққа шабады, аттар шолғынын қойып, суат басына түнейді, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізеді. Екінші кезеңде қатысушылар кедергілер жолағынан өтіп, оқ атуды және граната лақтыруды орындайды.

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button