ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды

Үржар ауданында мал ұрлаған тұлға ұсталып, ірі қара мал иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Semey News.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Үржар АПБ-нің «102» жедел арнасына Егінсу ауылының 45 жастағы тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың мамыр айының алғашқы жартысында белгісіз тұлға ауыл маңындағы еркін жайылымнан 1 бас ірі қара малын ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын 300 000 теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы ер адамды анықтады, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады. Жануар тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button