Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейдегі алты мекеме карантин шараларын бұзған

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мониторингтік топтардың құрамында белгіленген карантиндік шаралардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Semey News.

Өткен екі күн ішінде Семей қаласында алты түрлі мекеме анықталды, олардың иелері мен қызметкерлері белгіленген тыйымға қарамастан той-жиындар ұйымдастырған.
Олардың ішінде төрт мейрамхана мен екі тойханалар бар, олардың әрқайсысында 50-ден астам адам үйлену және мерейтойлық шараларға тойлаған. Мониторингтік топтардың араласуынан кейін бұл жиындар тоқтатылды.
Барлық осы фактілер бойынша мекеме әкімшілігі мен іс-шараларды ұйымдастырушыларға қатысты материал жиналып, кейіннен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Семей қаласының СЭК-не жіберілді.
ШҚО Полиция департаменті коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілгенін, оған сәйкес ойын-сауық мекемелерінің, оның ішінде караоке барларының, кальян, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтардың қызметіне тыйым салынғанын еске салады.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button