ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО полицейлері адасқан қарттың үйіне оралуына көмектесті

Алтай қаласының полицейлері адасып кеткен қарт адамның үйіне орлауына көмек көрсетті, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 8 тамызында сағат 12:30-да “Алтай-11” полиция экипажы кезекті патрульдеу кезінде қала көшелерінің біріндегі үй тұрғыны жүгініп, таңертеңгі уақытта серуендеуге шыққан 89 жастағы қарттың жоғалып кеткенін хабарлады. Немересінің сөзіне қарағанда, қарт адам үй ауласынан шығып кеткен, өздігімен іздеу еш нәтиже бермеген. Қарт адамның есте сақтау қабілетінің жоғалуы және бағдарсыз болуы қорқыныш үрейлеткен.

“Алтай-5” және “Алтай-11” экипаждарының қызметкерлері, патрульдік полиция взводының инспекторлары Даурен Зарқымқанов, Мадияр Өмірзақов, Алмас Омашов және Ернат Сіргетаев қолма-қол қала көшелерінде іздеу жүргізді. Араға 15 минут салып қала көшелерінің бірінде жалғыз өзі кетіп бара жатқан қартты байқаған. Полицейлермен сөйлесу барысында қарт өзінің адасып кеткенін айтып жеткізген. Полиция қызметкерлері қартты үйіне әкеліп, жақындарына тапсырды.

Табылған қарттың жақындары полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

  • Полиция қызметкерлеріне атамыздың аман-есен үйімізге оралауына көмек көрсеткендеріне көп рахмет. Сіздер өз кәсіптеріңіздің нағыз маманысыздар! қызметтеріңізге зор табыс тілейміз!, – деп жақындары алғыстарын білдірді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button