
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 24 шілдесінде түнгі уақытта Глубокое ауданының жергілікті полиция қызметінің инспекторлары Перевальное ауылы мен Алтай кенті арасындағы тасжолды патрульдеу кезінде «Volkswagen Toureg» автокөлігін тоқтатқан.
- Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында Алтай кентінің 50 жастағы тұрғынынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізушіде алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі анықталды. Аталған азамат 2019 жылғы 26 тамызда үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semey News