
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан. Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалған. – 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деп хабарлады ведомство өкілдері. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.
https://www.inform.kz/kz/alakolde-gidrocikl-kakkan-40-zhastagy-er-adam-koz-zhumdy_a3821468