ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығыста барлаушылар жиыны өтуде

Далалық оқу жиынына Үшарал, Өскемен, Аягөз және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонынан 500-ден астам әскери қызметшілер қатысуда, деп хабарлайды Semey News.

Жиын «Шығыс» полигонында ағымдағы жылдың 14 тамызына дейін өтеді. Қатысушылармен ату, тактикалық және арнайы даярлық, әскери топография бойынша сабақтар өткізіледі. Далалық жиын барысында атыс қаруларынан күндізгі және түнгі атулар жүргізіледі.

  • Жиын барлаушылардың білім деңгейлерін, дағдыларын және біліктіліктерін тексеру, сондай-ақ бөлімшелердің жауынгерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда, – деп атап өтті штаб бастығының орынбасары – барлау басқармасының бастығы подполковник Динар Құрбанбаев.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button