ОбществоСемейТОП

[:kk]Семейде банктен қомақты ақша ұрлаған банкир сотталды[:]

Семей қаласының №2 соты банк қызметкеріне қатысты ҚК ҚК 189-бабы 4- бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу немесе талан -таражға салу) бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Semey News.

[:kk]Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің берген мәліметтері бойынша, 2020 жылдың тамыз – қараша айлары аралығында банк қызметкері бола тұра, банкоматтан жиыны 17 095 000 теңге ақшаны жымқырып, букмерлік тотализатор ойынына пайдаланған.

Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айырып, қаржы саласында материалға жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыру жазасын тағайындады.

Сотта жәбірленушімен азаматтық талап арыз мәлімделмеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Semey News[:]

Осы айдарда

Back to top button