
Куәгерлер өртенген көлікті видеоға түсіріп алды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүргізуші аман қалған. Оның маңында отырған екінші жүргізуші көз жұмды.
Көлік түгі қалмай жанып кетті. Оқиға орнында бір адамның күйген денесі табылды. Жүргізуші мен қайтыс болған адам Қырғызстан азаматтары.
Құтқарушылар жаңбыр болуына байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған деп болжап отыр.
Semey News