ҚылмысСемейТОП

Семей тұрғыны алаяққа алданды

Семей тұрғыны ноутбук сатамын деп уәде беріп, клиенттің ақшасын алып қашып кеткен, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының басында полиция органдарына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, бейтаныс әйел адам ноутбук сатамын деп оның 500 000 теңгесін алғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлерімен алаяқ әйел анықталды, ноутбук иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button