
Қала әкімдігінде шаһар басшысы Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Жиынға әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, инспекторлар қатысты.
Күн тәртібінде жылыту маусымының барысы, қоғамдық көлік, арық жүйелері, қысқы кезеңге техника дайындығы және қала тазалығы қаралды.
Қала әкімі барлық атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындалуы тиіс екенін баса айтты
Бүгінгі жиналысымыздың негізгі мақсаты – қаламыздағы өзекті мәселелердің орындалу барысын қарап, алдағы кезеңге нақты міндеттерді айқындау. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – жылыту маусымының барысы. Отын қоры, жылу көздерінің дайындық деңгейі, апаттық жағдайлардың алдын алу мәселесі күнделікті бақылауда болуы тиіс. Қала тұрғындарынан түсіп жатқан шағымдар саны аз емес. Сонымен қатар, арық жүйелерінің тазалығы мен қысқы кезеңге техниканың дайындығы да өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі жиналыста көтерілетін мәселелер – нақты нәтижеге бағытталған жұмыс болу керек, – деді Әділет Қожанбаев.
Қала басшысы барлық бөлімдерге жұмыс қарқынын арттыруды, тәртіпті күшейтуді және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.