ОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да тағы бір көлік өртенді

Өскемен қаласында Өтепов көшесінде көлік өртенді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, уақытша тұрақта тұрған 2008 жылғы “Hyundai Tucson” маркалы автокөліктің панелі және ішкі салоны жанған. Өрт орнына келген өрт сөндірушілер 2,5 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Өрттің шығуына электр сымдарының оқшаулауының тұтануы және электр сымдарының ескіруі себеп болды.

Жыл басынан бастап облыста 80-ге жуық көлік өрті орын алған.

Фото: ШҚО ТЖД

Semey News

Осы айдарда

Back to top button