Облыс әкімі «Ақ жол» партиясының төрағасымен кездесті

Абай облысының әкімі Берік Уәли ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевпен кездесті.
Кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар талқыланды. Әкім облыстың негізгі жетістіктеріне тоқталып, өндіріс, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ өңірде жаңа инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу, жол және тұрғын үй құрылысы мәселелері сөз болды.
Өз кезегінде Азат Перуашев Абай облысында жүріп жатқан оң өзгерістерге назар аударып, партия тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді. Ол өңірдің әлеуметтік дамуына, жастарды кәсіпкерлікке тарту ісіне және ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ