ШҚОҚоғамТОПШҚО

«Мигрант» ЖААШ: 300-ге жуық ҚР азаматы шетелдік қонақтар туралы полицияға хабар бермегені үшін жауапқа тартылды 

«Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізудің 7 күн ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 865 шетелдіктер (ҚР ӘҚБтК 517 бабы) әкімшілік жауапкершілікке  тартылды, оның ішінде 37 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды, деп хабарлайды Semey News.

Қазақстан Республикасының 293 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 40 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел алдын алу шарасы аясында «қос» азаматтықты иемденуі бойынша 3 факт анықталды.
12 маусымда Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысының объектісін тексеру кезінде еңбек қызметін жүзеге асыру рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 4 азаматы анықталды.
Жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша 30 АЕК айыппұл түріндегі, шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5 бөлігі бойынша 3 күнге қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Мигрант» ЖААШ ағымдағы жылдың 16 маусымына дейін жалғасады.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button