
Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу маңызды мәселеле болып табылады. Зорлық-зомбылықтың өзі жәбірленушінің құқығын бұзып қана қоймайды, өсіп келе жатқан жастарға жағымсыз үлгі болып табылады.

«Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінің қортындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы 198 құқық бұзушылық анықталды, барлық фактілер бойынша құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.
«Қорғау нұсқамасын» шығару «құқықбұзушының мінезіне ерекше талап қою» тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының қажетті шаралары болып табылады. Бұл мерзімде құқық бұзушыға отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық жасауға тыйым салынады. Аталған талапты бұзғаны үшін құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған» – деп ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ә.Өтепов көрсетті.
Қажет болған жағдайда жәбірленушіге уақытша паналау үшін Оңалту орталығына жолдама беріледі.
Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық мәселесі бойынша 4 Оңалту орталығымен тығыз өзара қарым-қатынас орнатқан. Оңалту орынына жеткізілген жәбірленушілерге психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Semey News