Абай облысыТОП

[:kk]Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы екі отбасына жаңа баспана кілті табысталды[:]

[:kk]Долон ауылдық округінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған екі отбасына жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде тапсырылды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтанатты шарада ауылдық округ әкімі Талғат Құмаров халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету — мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгін біз көпбалалы отбасыларды жаңа үйге қоныстандырып, қуаныштарына ортақтасудамыз. Жаңа шаңырақ жақсылық келеді деп сенемін. Қоныс құтты болсын!» — деді әкім.

Айта кету керек, Бесқарағай ауданында соңғы жылдары көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдеріне 142 пәтер берілген.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button